Самарқанның халықаралық әуежайында Түркияға жағдайы төмен қыздарды алдап апара жатқан әйелдер ұсталды. Қылмыстық топ бикештерді жөзекшелікпен айналыстырмақ болған деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Түркияға қыздарды жібермек болған қылмыстық топ 15 тамыз күні ұсталған.
Арнайы операция ұйымдастырған Науаи облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері әйелдерді Самарқан әуежайында тоқтатыпты.
"Қылмыстық топтың мүшесі болып табылатын Самарқан тұрғыны адам саудасымен айналысу мақсатында жұмыссыз жүрген, ажырасқан, шетелге баруды армандайтын үш әйелді тауып алған. Ол келіншектерге үй жинаушы, дүкен сатушысы қызметтерін тауып беремін деп алдап, Түркияға жөзекшелікпен айналысуға жіберген екен" , -деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде.
Өзбекстан азаматшаларын жөзекшелікке тарту ісінде қылмыскерге Түркияда тұратын анасы көмектескен.
Қазіргі уақытта Науаи облыстық Ішкі істер басқармасының Тергеу бөлімшесі тергеуалды шараларын жүргізіп жатыр.