Қытайдағы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өңірі екіге бөлінеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы елдің Caijing агенттігіне сілтеме жасап.
Пекин орталық партия комитетінің қабылданған жаңа әкімшілік-территориялық жоспарына сай ШҰА Оңтүстік Шыңжаң және Солтүстік Шыңжаң өңірлері болып қайта құрылмақ. Солтүстік өңірге Үрімжі, Тұрпан, Қарамай, Құмбыл қалалары мен Санжы облысы, Іле-қазақ автономиялы облыстары кіріп, орталығы Үрімжі қаласы болып белгіленген. Ал, Оңтүстік өңірге Ақсу, Хотан, Қашғар, Қызылсу облыстары еніп, орталығы болып Қашғар қаласы бекітілді.
Шыңжаңнан басқа Қытайдың тағы 27 өлкесі әкімшілік-аумақтық өзгеріске ұшырап отыр. Сонымен, бұрынғы 32 өлке жаңа өзгерістерден соң 50 өлке болып қайта құрылымданып отыр. Аталған өзгерістер алдағы екі жыл ішінде жүзеге аспақ.
qamshy.kz