Қытайда дрон өндірумен айналысатын EHang компаниясы CES-2016 көрмесінде әлемдегі тұңғыш EHANG 184 ұшқышсыз таксиін ұсынды, - деп хабарлайды Mashable.com.
Аппараттың сегіз пропеллері бар, осы арқылы 100 келіге дейін жүк көтере алады және қысқа және орташа қашықтыққа ұша алады. Себебі оның аккумуляторының қуаты сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 23 минут ұшуға ғана жетеді. Дрон экологиялық отынмен ұшады, 500 метр биіктікте ұша алады және автоном жолаушылар дрон-такси түрінде қызмет ұсына алады.
Бір адамға арналған жолаушылар кабинасында аппаратты басқару тетіктері жоқ. Онда кішігірім сенсор экраны, орындық және жүк қоятын кеңістік бар. Vistanews.ru басылымы ұшқышсыз ұшатын аппараттың дизайнын жалпы қолданысқа шығаруға лайықты екенін, алайда ұшу қауіпсіздігі жөнінде бірнеше мәселе туындап отырғанын атып отыр. Шамамен 100 сынақтан өткен дрон-таксидің құны - 200-300 мың доллар. Ал кейбір сарапшылар бұл өнертабысты болашақтың ұшатын автомобильдерінің бастамасы деп бағалап үлгерді.