Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 24 маусым күні Астана уақытымен сағат 13:00-де қарулы көтеріліске қатысты үндеу жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Путин Ресей азаматтарына, қарулы күштердің жеке құрамы мен «қылмыстық арандатушылыққа алданып қалғандарға» үндеу жасады. Аййта кетерлігі ол өз сөзінде Вагнер тобының басшысы Евгений Пригожинді бірде-бір рет атаған жоқ.
«Әскери көтеріліс ұйымдастырып, дайындаған, қаруластарына қарсы қару көтергендер Ресейге опасыздық жасады және бұл үшін жауап береді. Ал мен осы қылмысқа тартылып жатқандарды бұл өлімге әкелетін, қайғылы, қайталанбас қателік жасамауға шақырамын. Жалғыз дұрыс таңдау – қылмыстық әрекеттерге қатысуды тоқтату», – деді Путин.
Ол Батыстың бүкіл әскери машинасы Ресейге қарсы бағытталғанын мәлімдеді.
«Біз егемендік, тәуелсіздік құқығы үшін күресіп жатырмыз. Бұл шайқас барлық күштердің бірлігін талап етеді. Бізді әлсірететіннің бәрін шетке ығыстыру керек. Кез келген жанжал. Бұл – еліміз бен халқымыздың арқасынақадалған пышақ», – деді Путин.
Сөз барысында ол бұл қарулы көтерілісті 1917 жылғы азамат соғысымен салыстырды.