Индонезиялық 61 жастағы ер адам «әйелдер патшасы» деген лақап атқа ие болды. Ол 87 рет үйленіп, 88-ші некесін қидырмақ. Абак аймақта өзінің шексіз сүйіспеншілігімен танымал. Ол үнемі ережелерді ұстанып өмір сүреді: егер ғашық болса, дүркіретіп үйлену тойын өткізеді. Интимдік өмірге деген сүйіспеншілігінен оған жиі үйленуге тура келеді.
«Мен оларға күнәға бой алдырғаннан гөрі үйленгенім жақсы», — дейді кәрі күйеужігіт.
Атасы өмір бойында 87 рет үйленген. Ал қазір Абактың өзі 88 некесіне дайындалуда. Оның сүйіктісі – бұрыннан жақсы көретін әйелдердің бірі. Абак әйелдерді магнит сияқты тартып тұратын көрінеді. Шынында да ол төсекте арнайы жасалған құпия дәрі ішеді. Ол дәріні өзі түрлі шөптерден, өсімдік тамырлары мен жаңғақтардан дайындаған.