Бакудің Сабунчинск ауданында жантүршігерлік қылмыс орын алды. Тұрмыстық жанжал барысында қайын атасы өз келінін атып өлтірген. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 24 жастағы келіншек жасырын түрде көршісімен кездесіп жүрген. Осыны байқап қалған қайын атасы келінінің басынан суық қарумен атып жібереді.
Көп ұзамай құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына келіп, қылмыскерді қамауға алады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қанды оқиғаға қатысты желіде қызу пікірталас туды. Желі қолданушыларының бірі қайын атасын қатыгез-жауыз санаса, екінші тарап, керісінше оны "намысшыл еркек" деп қолдап отыр.