Пентагон Қытай Ресейге заңсыз соғыс қаруын тасылмалдап жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Кейбір америкалық БАҚ Пекин Ресейге қару-жарақ жіберіп отыр деп мәлімдеген болатын.
Украина да Ресейдің соғыс барысында Қытайға тиесілі Mugin компаниясы жасаған соғыс жарақтарын пайдаланғанын айтқан.
Алайда Пентагон өкілі генерал Райдер Қытай Ресейге қару-жарақ тасылмалдамағанын айтты.
«Дәл қазіргі уақытта біз Қытайдың Ресейді қолдау мақсатында соғыс алаңына қару тасымалдағанын байқамадық. Біз бұны мұқият бақылап отырмыз. БАҚ-та бұл туралы түрлі ақпараттар тарап жатқанын білеміз. Алайда Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісімі қалыпты мәміле. Бірақ ең бастысы Қытай соғыс қару-жарағын Ресейге тасымалдап жатқан жоқ», деді генерал Райдер.