Өзбекстанда алғаш рет Сиам егіздерін ажырату операциясы жасалды

Өзбекстандық дәрігерлер алғаш рет Сиам егіздерін ажырату операциясын жасады. Ота сәтті өткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап жазды. 

Министрліктің мәліметінше, Қырғызстанда туған Сиам егіздерінің ата-анасы өзбек дәрігерлеріне 2022 жылдың маусым айында жүгінген.

 

Сәбилер 2022 жылғы 31 мамырда дүниеге келген. Олардың Сиам егіздері екені жүктіліктің 28-ші аптасында белгілі болған.

 

Дәрігерлер әйелді Ош қаласынан Бішкекке жіберіп, бір аптадан кейін егіздер кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жаңа туған нәрестелер 1600 грамм салмақпен дүниеге келген. Оларға Фотима және Зухра есімдері берілген.

 

CentralAsia басылымының мәліметінше, балалардың құрсақ қуысы ортақ болып туған. Яғни, олардың бауыры ортақ, бірақ өт қабы бөлек қалыптасып, өз қызметін еш қиындықсыз атқарған.

 

Ота кезінде бауыр мен басқа да тамырлардан қан кетудің алдын алу үшін ультрадыбыстық және аргон скальпельі, сондай-ақ заманауи қан тоқтататын материал қолданылған.

 

"Бақытымызға орай, сәбилердің өт қабы бөлек қалыптасқан екен. Бұл екі денені бір-бірінен ажыратқан кезде де өт қабының өз қызметін еш қиындықсыз атқаруына мүмкіндік берді", – дейді өзбекстандық дәрігерлер.

 

Мамандар қазір балалардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Сәбилер жақын күндері ауруханадан шығады деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста