Оқушы қызды бес күнде 20 адам зорлаған
Ұлыбританияда 14-жастағы оқушы қызды бес тәуліктің ішінде жиырмадан астам адам зорлаған, деп хабарлайды The Daily Mail басылымының дерегіне сүйенген Дни.ру.
Бұл оқиға сонау 2015 жылы болған екен. Бірақ полицияға енді ғана белгілі болып отыр. Сол кезде үйінен шыққан оқушы қыз жоғалып кеткен. Полиция оны іш киіммен бір үйдің терезесінен қашып шықпақ болған жерінен тапқан еді.
Үйге кірген полицейлер 20 жастағы Брэндон Шарплес, 21 жастағы Джейк Кэрнс және 21 жастағы тағы бір жігіт Джек Макиналлиді ұстаған.
Кейін анықталғандай,
бұл жігіттер қызды зорлап қана қоймай, оның жалаңаш күйіндегі неше-түрлі суреттерін арнайы сайттарға жариялаған.
Осылайша қызды «клиенттерге» ұсынған екен.
– Олар қызға есірткі беріп, ақшасы мен заттарын алып кеткен, – дейді полицейлер.
Қазір аталған жігіттерге жасөспірім қызды жезөкшелік мақсатта пайдалану және интимді суреттер тарату бабы бойынша айып тағылған.