Оңтүстік Корея мен Қытай елдері шекарасында тосын оқиға тіркелді. Сарбаздардың бірі көрші мемлекетке пулемоттан оқ атқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл жайлы "Yonhap" ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, Оңтүстік Кореялық сарбаздардың бірі Қытай мемлекетіне оқ жаудырған. Бірақ қасақана емес, қателіктен, делінген ақпаратта.
Сарбаз кезекті оқу-жаттығу кезінде қаруды дұрыс қолдана алмай қалған. Яғни, шекараға қарай кезегенде шүріппеге қолы тиіп кеткен көрінеді. Абырой болғанда атылған оқ ғимарат қабырғасына тиген. Адам шығын жоқ.
Аталған оқиға бойынша қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.