Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің жаңа жүйесі енгізілді

Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің жаңа жүйесі енгізілді

Оңтүстік Кореяда 28 маусымнан бастап адамның жасы халықаралық стандарттар бойынша белгіленеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін елде адам дүниеге келгенде автоматты түрде бір жасқа толатын еді, ал келесі жылдың 1 қаңтарында тағы бір жыл қосылатын.

 

Корейлерде адам жасы ұрықтың құрсақта өмір сүрген кезінен бастап есептеледі.

 

Бұл дәстүрлі санау ежелден бар. Мұндай есептеу Қытай мен Жапонияда және Вьетнамда да болды. Бірақ бұл елдер 20 ғасырда халықаралық әдіске көшті.

 

Ал Кореяда халықаралық және дәстүрлі жүйе қатар қолданылған. Адам корей дәстүрі бойынша өз жасын айтқан. Халықаралық жасты анықтау үшін 1 жасты алып тастап отырады.

 

Заңгерлердің айтуынша, жаһандық нормалар енгізілгеннен кейін үлкен өзгерістер болмайды.

 

Ко Мин Сок, адвокат:

 

- Стандартты халықаралық жүйе сот және әкімшілік саласында бұрыннан қолданылып келеді. Яғни, мектепке бару жасы, зейнеткерлік жас дегендей. Бізде жасты есептеудің халықаралық жүйесі әлдеқашан қабылданған. Сондықтан өзгеріс тұрғындардың өміріне қатты әсер етпейді.

 

Заңнамадағы жаңалықтарды шетел университеттерінде оқитын немесе оқуға түсетін корей азаматтары сезінетін болады. Өйткені, бұл жағдайда оларға халықаралық жүйе бойынша жасын көрсету керек.

 

Юлия Чон, студент:

 

- Орыс достарым менің жасымды үнемі сұрайтын. Мен корей және паспорттағы жасымды айтамын. Жаңа жүйе үлкен өзгерістер әкелмейді. Адамдарға бұл жүйеге үйрену үшін уақыт керек. Ал екінші жағынан, ортақ ереженің жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын.

 

Кореяда жас айырмашылығына байланысты дау-дамай болды. Коронавирусқа қарсы вакциналау кезінде жергілікті дәрігерлер 30 жасқа дейінгі адамдарға Astrazenekа препаратын қолдануды шектеді, бірақ жасты қандай жүйемен анықтайтынын көрсетпеді.

 

2004 жылы да сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ арасында келіспеушілік болған. Ұжымдық шартта 56 жастан асқан қызметкерлердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік беретін тармақ болды.

 

Ал былтыр Жоғарғы сот адам жасын есептеуде халықаралық жүйеге сүйену керек деп шешті.

 

Ко Мин Сок, адвокат:

 

- 6 жасқа дейінгі балалар автобусқа тегін отырады. Әкімшілік бұл норманы халықаралық стандарт бойынша енгізді, бірақ бұл хабарламада көрсетілмеген. Кейбіреулер 6 жасқа толмаған бала үшін ақша төлейтін жағдай болды.

 

Дегенмен, кейбір жағдайларда жас санаудың ескі жүйесі сақталады. Адамға халықаралық стандарттар бойынша 19 жасқа толған жылдың 1 қаңтарынан бастап алкогольдік ішімдік ішуге немесе темекі шегуге рұқсат етіледі.

 

Ер азаматтар 18 жасқа толған жылдың 1 қаңтарынан бастап әскерге бара алады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста