Огайо штатында екі жасар сәби жүкті анасын атып тастады

Огайо штатында екі жасар сәби жүкті анасын атып тастады

Огайо штатында екі жасар бала жүктіліктің сегізінші айындағы анасын атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен аптада Норуолк қаласында болған, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 31 жастағы Лора Илг 911 нөміріне қоңырау шалып, диспетчерге жүктіліктің 33 аптасында екенін және екі жасар ұлы арқасына оқ атқанын хабарлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері оның алғашқы қоңырауынан үш минут өткен соң 13:14-те жеткен. Анасы да, екі жасар ұлы да жоғарғы қабаттағы жатын бөлмеден табылады. Тапанша да сонда болған. Анасының өтініші бойынша ұлы бөлмеден шығарылған.

Жүкті әйел Фишер Титус медициналық орталығына жеткізіліп, шұғыл түрде кесарь тілігі жасалды. Лораның іштегі баласы 911 қызметіне қоңырау шалғаннан кейін бір сағатқа жетпей қайтыс болғаны анықталды, ал әйелдің өзі сағат 17:10-да көз жұмды.

Ұлы анасын SIG Sauer P365 тапаншасымен атқан. Илг пен оның күйеуі мылтық жатын бөлмедегі тумбочкада сақталғанын айтты. Полицияның хабарлауынша, үйде тағы 12 калибрлі шолақ мылтық пен пневматикалық тапанша болған.

Ешқандай айып тағылған жоқ. Полиция тергеу нәтижесі жергілікті прокуратураға берілетінін мәлімдеді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста