Беларусь президенті Александр Лукашенко "Қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы" Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Belta.by сайтына сілтеме жасап жазды.
Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.
"Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін", - делінген хабарламада.