"Луганскгаз" компаниясы Луганск Халық Республикасындағы Лутугино қаласында магистральдық газ құбырында жарылыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті жерде өртті ауыздықтау бойынша жұмыс жұмыс жүргізілуде.
ТЖ салдарынан газбен жабдықтаусыз 11 мың адам қалды. Оқиға орнында кәсіпорын басшылығы бастаған "Луганскгаз" мамандары жүр.
Компания қалпына келтіру мерзімі туралы ақпарат кейінірек болатынын хабардады.
Мәскеу уақытымен 20:50-дегі жағдай бойынша Лутугино қаласындағы газ құбырындағы өрт жойылды. Лутугино Луганскіден оңтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.