Британиялық Колчестер қаласында Айра Саксена есімді қыз үнемі түшкіріп жүреді, ол күніне сегіз мың рет түшкіруі мүмкін.
Ата-анасы бұл дертті қалай емдеуге болатынын білмейді, деп жазды Mirror басылымы. Белгісіз ауру салдарынан бала мектепке баруды қойған және замандастарымен серуендей де алмайды.
Анасының сөзіне қарағанда, қыз шаршағанша, таңертеңнен кешке дейін түшкіреді екен.
Бұл дерттің шамамен бір ай бұрын пайда болғаны туралы аталып өтілді. Бастапқыда олар аллергия деп ойлаған, алайда еш дәрінің көмектеспегені белгілі болған соң анасы алаңдай бастады. Дәрігерлердің де әзірге қолынан ештеңе келмей отыр.