Күйеуінің көзіне шөп салған әйел қонақ үй нөмірінің төбесіне тығылып қалған

Филиппинде өзге ер адаммен ойнас болған әйел күйеуі мен полицейлерден қашпақ болып, қонақ үй нөмірінің төбесіне тығылып қалған деп жазады РИА Новости.

 

Басылымның жазуынша, Филлипин тұрғыны шетелдік іссапардан келгеннен кейін әйелінің өзінен алыстап кеткенін байқаған. Қосымша бухгалтер болып жұмыс істейтінін айтқан келіншек демалыс күндері де үйден кетуді шығарған.

 

Келіншек кеңсеге тез арада баруы керектігін айтып, үйден кезекті рет кеткен кезде күйеуі оны аңдымақ болыпты. Ер адам әйелі мінген көліктің қонақ үйге тоқтағанын, онда жұбайын жас жігіттің күтіп алғанын көрген.

 

Алданып қалғанын білген ер адам досына хабарласып, көмектесуін өтініпті. Ал жолдасы болса болған оқиғаны полицияға хабарлапты.

 

Басылымның ақпаратынша, Филлипинде ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы қылмыс болып саналады.

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қашып кетпек болған әйелдің сүйіктісін ұстап алған. Ал нөмірде әйел адамның киімдері шашылып жатқанымен, онда ешкім болмапты.

 

Бір мезетте төбеден әйелдің аяқ киімі құлап түскен.

 

Анықталғандай, келіншек полицейлерден жасырыну үшін төбеге шығып кеткен.

 

Тәртіп сақшылары оны баспалдақ әкеліп, түсіріп алған.

 

Алданған ер адам әйелі мен оның көңілдесінің үстінен сотқа шағым түсірмек.

 

Егер келіншек кінәлі деп танылса, онда Филлипин заңына сәйкес алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста