Австралия. Оңтүстік Уэльс штатында судан секіріп шыққан дельфин көк айдын төсінде көсіле сырғанап бара жатқан серферді езіп кете жаздады.
Адамның тағдырын тек азғантай ғана сантиметрлер шешті десек те болады. YouTube порталында жарияланған роликте алып теңіз жануарының серф тақтасында жатқан адамның дәл үстіне түсе жаздап барып, оның басы мен денесін қанаттарымен аяусыз қағып өткенін көруге болады. Абырой болғанда, серфер жараланған жоқ. Енді ол асау толқындардың арасында өзі тап келген оқиға жайлы роликті туған-туыстары мен достарына көрсетіп жүр.