Кишинев әуежайындағы атыс – екі адам қаза тапты

Кишинев әуежайындағы атыс – екі адам қаза тапты

Кишинев әуежайындағы атыстан шекарашы мен әуежайдың қауіпсіздік қызметінің қызметкері қаза тапты, тағы бір жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кишинев әуежайындағы атысты Молдоваға кіруге рұқсат берілмеген Тәжікстан азаматы шығарған, деп мәлімдеді ТАСС.

 

Арнайы қызмет Кишинев әуежайының ғимаратында атыс шығарған адамды ұстап, залалсыздандырды. Ұсталған азаматтың үстінен лаңкестік әрекетті ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаға байланысты Кишинев әуежайына Молдова Ішкі істер министрлігінің бүкіл басшылығы келді.

 

"Кишинев халықаралық әуежайында қауіпсіздікке байланысты күрделі жайт болды. Тәжікстанның 43 жастағы азаматына қауіпсіздік мақсатында Молдоваға кіруге тыйым салынды. Қайтару үшін зарарсыздандырылған аймаққа алып бара жатқан кезде ол шекаралық полиция қызметкерінен ұрланған тапаншамен шекарашы мен әуежайдың қауіпсіздік қызметкерін атып өлтірді", – деп жазды Молдова премьер-министрі Дорин Речан Facebook желісіндегі парақшасында.

 

Күдікті тапаншаны шекарашыдан алған.

 

Зардап шеккен жолаушы дәрігерлердің бақылауында.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста