Италияның 16 қаласында аптапқа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Өйткені ми қайнатар ыстық тек осал топтағы азаматтарға ғана емес, жалпы халықтың денсаулығына қатер төндіретін деңгейге жеткен.
Синопктиктердің болжамы бойынша алдағы күндері сынап бағанасы 48,8 градусқа жетуі мүмкін. Мұндай температура Еуропа аумағында бұрын-соңды болмаған.
Сондықтан жергілікті билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп жатыр.