Иранда әйелдерге қатысты бір тыйымның күші жойылды
![Иранда әйелдерге қатысты бір тыйымның күші жойылды](/image/stub.png)
Иран билігі жарты ғасырға жуық уақыт бойы қолданыста болған әйелдердің футбол стадионына баруына салынған тыйымның күшін жойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі islam.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайында IslamNews ақпарат көзі ISNA дерек көзіне жөн сілтеме жасап мәлім етті.
Парсы елінің ақ жаулықтылары үшін бұл қуанышты жаңалықты футбол федерациясының жетекшісі Мәді Тәж бөлісті.
Бұл жаңалықты қолданысқа енгізу үшін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңес шешімімен арнайы жұмысшы тобы жасақталады.
Қазіргі уақытта ерлер командаларының матчтары кезінде әйелдердің стадиондарға баруына байланысты ұйымдастыру мәселелері талқылануда.
Сонымен қатар, әйелдердің барлық стадионға емін-еркін кіре алатыны немесе кейбір, нақты стадиондарда ғана футбол ойынын тамашалай ма, осы арасы белгісіз күйде қалып отыр.
Осылайша, федерация басшысы әйелдерге «Азади» (Теһран), «Гол Гухар» (Сиржан), «Нақш-е Жаһан» және «Фулад Шеһір» (екеуі де Исфаханда), «Қиадыр» (Ахваз) стандиондары есігін айқара ашатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, Иран аумағында тек әйелдер спортына арналған радиобекет жұмысын бастады.
Осы орайда бұл елде 1979 жылдан бері әйелдердің стадионға баруына тыйым салынғанын айта кетпекпіз.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)