Иран Дін істері жөніндегі арнайы прокуратурасы елдің экс-президенті Хасан Роуханиге қаржы нарықтарындағы айла-шарғы жасауына байланысты бірқатар іс қозғады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Енді ол сот алдында бірқатар сұраққа жауап беруі тиіс, деп мәлімдеді Иран Сот билігінің ресми өкілі Масуд Сетайеши.
«Дін істері жөніндегі арнайы прокуратурада дін қызметкерлері арасында лауазымы мен дәрежесі бар Иранның бұрынғы президенті Роуханиге қарсы бірнеше іс қозғалды, ол тиісті құзыретті сақтайды, бұрынғы президент сотта тиісті орган алдында бірқатар сұраққа жауап беруі тиіс», - деді Сетайеши.
Ол сондай-ақ бұл іс Роуханидің валюталық айла-шарғысына, сондай-ақ Иранның қор нарығының жұмысына араласуына байланысты қозғалғанын атап өтті.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz