Грузиялық құтқарушылар Рача биік таулы аймағында орналасқан «Сансет Шови» қонақ үйінің аумағынан 70 адамды құтқарып үлгерді, мұнда бейсенбі күні көшкін болған еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Trend-ке сілтеме жасап жазды.
Шекара полициясының тікұшақтары әуеге үш рет көтерілді, құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Апат болған аймаққа 400 құтқарушы тартылды.
Сондай-ақ, ІІМ басшысының орынбасарлары Иосиф Челидзе мен Георгий Бутхузи, ІІМ ТЖБ басшысы Теймураз Мгебришвили жұмыс басында жүр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz