Германия Украинаға жиырмаға жуық Leopard танкісін жеткізді

Украина Германиядан «Leopard-2» маркалы 18 танк алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«Америка дауысы» басылымының жаузынша, Германия қорғаныс министрлігі қаңтарда Батыс арсеналындағы ең үздік деп саналатын танкілерді жеткізуге келісім берген болатын. Осылайша, Берлин қару-жарақ жіберуге қатысты ауыр шешім қабылдап, уәдесінде тұрды.

«Мен бұл танкілердің майданда шешуші рөл атқаратынына сенімдімін», - деп жазды Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Twitter-де.
Киевтің пікірінше, бұл – Ресей басқыншылығына тойтарыс берудегі маңызды қадам.

Ал Мәскеу бұл қадамды қауіпті арандатушылық деп санайды.

Украинаға 18 танкіден басқа, «Мардер» жаяу әскерінің 40 жауынгерлік машинасы мен 2 броньды қалпына келтіру машинасы жеткізілді, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Айта кетсек, неміс армиясы бірнеше апта бойы украиналық танк экипаждары мен әскери қызметкерлерді жаттықтырған болатын. 

«Украина сонымен қатар Португалия сыйлаған үш «Leopard» танкін алды», - дейді дереккөз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста