Ғалымдар алғаш рет бақаның қатқан жүрегін қайта тірілтті
Ресей ғалымдары әлемде алғаш рет бақаның қатып қалған жүрегін жандандырды. Бұл туралы Перспективалық зерттеулер қоры (ПЗҚ) жанындағы жобалық топтың жетекшісі Анатолий Ковтун Риа Новости басылымына айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
ПЗҚ адамның денесінен бөлініп алған тінін және органының өмірге қабілеттілігін уақытқа тәуелсіз ету технологиясын әзірлеп жатыр.
Зерттеушілер осы мақсатта бақаның жүрегі 45 күн сақталғаннан кейін қайта қалпына келтірді. Ол минус 196 градус Цельсий температурасында қатырылып тасталған болатын.
Сонымен қатар, ғалымдар плюс төрт градуста 25 сағат бойы сақталған тышқанның жүрегін де қайта жұмыс істеуге қабілетті ете алды.
«Тышқандарды гипотермикалық сақтаудан кейін жүрек алмастыру өте сәтті өтті. Қазір қолда бар технологиялар арқылы оларды алты сағаттан көп сақтай алмаймыз», - деді қор мүшесі.