Ескі көлік иелері лас ауа салығын төлейді

Лондонда ескі көлік иелері қала орталығына кіру үшін салық төлеулері керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап.

2019 жылы енгізілген ереже нәтиже беріп, қоршаған орта айтарлықтай тазарды. Енді шаһар басшысы Садик Хан лас ауа салығын шеткі аймақтарға да енгізгісі келіп отыр. Яғни экологияны ластайтын көліктер қала шетінде жүрсе де, ақша төлеуге міндетті. Бұл бастама кейбір тұрғындардың, тіпті үкімет басшысының да наразылығын туғызды.

 

Жанармай немесе дизель отынымен жүретін ескі жеңіл көлік иелері, мотоцикл тізгіндегендер қалаға кіргені үшін күніне 12,5 стерлинг фунт, яғни 7 мың теңгедей төлеуі тиіс.

 

Ауыр көліктер мен автобустар одан да көп шығындалады.

 

Бұдан бөлек, кептелісті азайту үшін алынатын 15 фунт, яғни 9 мың теңге тағы талап етіледі. Сондықтан жүргізушілер бұл көшелерді сырт айналып өтуге тырысады.   

 

Осыдан 4 жыл бұрын енгізілген ереже оң нәтиже бере бастады. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, атмосфераға азот оксидтерінің қалдығы 46%-ке азайып, шаһар орталығының экологиясы жақсарған. Лондон императорлық колледжінің тәуелсіз сараптамасына сәйкес ауаны ластайтын көліктер 60%-ке төмендеген.

 

Садик Хан, Лондон қаласының мэрі:

 

- Жыл сайын 4 000 мыңнан астам қала тұрғыны лас ауадан ерте қайтыс болып жатыр. Көзге көрінбейтін зиянды қалдықтардан ересектер мен балалар тыныс алу, жүрек, обыр, деменция ауруларына ұшырап жатыр. Жаңа бастаманың берері мол екендігі ғылыми дәлеленді.

 

Мэрияның мәліметінше, орталықтан тысқары тұратын 5 млн адам әлі де экологияның зардабын тартып жатыр. Сондықтан қала басшысы тамыздан бастап тозығы жеткен көлікпен Лондонда жүретіндердің барлығына салық салмақ. Экологиялық талаптарға жауап бермейтін 200 мыңдай көлік иесі наразылық білдіріп, көшеге шықты.

 

- Мэрия ойына келгенін істеп жатыр. Олар халыққа құлақ аспайды. Қалтамыз көтермейтін салықтармен тұншықтырғысы келеді. Мұны тоқтату керек. Бәрінен бұрын бизнес зардап шегеді. Ал Еуро-7 стандарттарына сай көлік алу үшін 2 жыл күту керек.  

 

- Қала басшысы көшедегі камералар сатып алуға бөлінген 350 млн-нан астам фунтты электр энергиясымен жүретін қоғамдық көлікке жұмсасын. Экологиясы нашар аудандарды дәл анықтап, ауасын нысаналы түрде тазартсын. Бұл бастама, ең алдымен, қоғамдағы кедей топтардың қалтасын қаққалы тұр.

 

Лондонның 11 ауданының басшысы қала мэрінің шешіміне алаңдаушылық білдірді. Көпшілігі өмір сүру құны қымбаттаған тұста бастаманы кейінге қалдыруды ұсынды. Премьер-министр Риши Сунак та наразы. Бірақ оппозициялық лейбористер партиясының белсенді мүшесі Садик Ханның шешімін тек сот қана тоқтата алады. 

 

Риши Сунак, Ұлыбритания премьер-министрі:

 

- Лондондағы көлік мәселесіне лейборист жауапты. Оның бұл бастамасын оппозиция басшысы Кир Стармердің қолдайтыны өкінішті. Қала мэрі халық пен кәсіпкерлердің жанайқайын тыңдағысы келмей отыр. Ол өз шешімін қайта қарауы керек.

 

Ұлыбританияда осыдан 70 жылға жуық уақыт бұрын Таза ауа туралы заң қабылданды. Үкімет көмір жағуға тыйым салып, экологияның тазаруына ықпал етті. Өйткені ауаны ластайтын қою түтіннен 5 күннің ішінде 13 мың адамның қайтыс болғаны бар. Ол кезде билік тұрғын үйлердің жылыту жүйелерін жаңалауға қол ұшын созды. 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста