Ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін баласын сатып жіберген

Ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін баласын сатып жіберген

Елді дүрліктірген оқиға Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында болған. Ерлі-зайыптылар iPhone 14 сатып алу үшін баласын сатып жіберген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Гош отбасындағы оғаш өзгерісті көршілері байқаған. Олардың сегіз айлық сәбиі жоғалып кетеді, алайда ата-анасында ешқандай алаңдаушылық болмайды. Сонымен қатар, олардың миллионнан кем тұрмайтын қымбат телефон сатып алуы көршілердің күдігін туғызады.

 

Қысымға ұшыраған әйел күйеуі екеуі iPhone сатып алу үшін баласын сатқанын мойындайды. Бұл оларға Бенгалияны аралап, сапарларынан роликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік берген.

 

Бұдан да сорақысы, баланың әкесі сегіз айлық сәбиін сатпас бұрын, жеті жасар қызын саудаламақ болған.

 

Жергілікті полиция Сати есімді әйелді ұстады, бірақ оның күйеуі Джайдев Гош қашып үлгерген. Ол әлі іздестіріліп жатыр. Полиция ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, баланы сатып алған әйел де адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Өкінішке қарай, Үндістанда материалдық пайда үшін балаларын сатуға барған жұптар бұған дейін де болды. Айта кетсек, 2016 жылы қытайлық ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін 18 күндік қызын 3 530 долларға сатып жіберген.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста