Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ деген қорытындыға келді.
Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының халықаралық федерациясы да бұған қатысты өз баяндамаларын жариялады. Онда әлемдегі барлық ел болашақ пандемияларға дайын емес делінген. Үш жылда ковидтен 6,5 млн-нан астам адам қайтыс болды. Бұл - ресми статистика. Ал іс жүзінде көрсеткіш одан әлдеқайда көп болуы ықтимал. Баяндамада мемлекеттер 2023 жылдың аяғына дейін болашақта болуы мүмкін пандемияларға дайындық шараларын ескере отырып заңдарды өзгерту керек делінген.