Ресейдің Дондағы Ростов қаласында дәрігерлер 11 жастағы баланың өкпесінен ине алып шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер 11 жасар баланың осыдан екі жыл бұрын жұтып қойған инесін алып шықты.
Ине екі жыл бойы баланың өкпесінде тұрып қалған.
11 жасар ер бала ауруханаға дене қызуы көтеріліп, кеудесін ауырсынып түскен. Тексеру кезінде баланың оң жақ өкпесінде басқа зат бары анықталды.
"Ер бала екі жыл бұрын тігіншілерге арналған инені жұтып қойғанын мойындады. Мұнысын ешкімге айтпаған", - делінген хабарламада.
Бір қызығы, соңғы екі жылда баланы ештеңе мазаламаған. Бірақ ине өкпені зақымдай бастайды.
Қазіргі таңда ота сәтті өтіп, науқас өзін жақсы сезінуде.