Ұлыбритания халқы аспан көгіндегі ерекше құбылысқа куә болды. «Қанға малынған» Айдан кейін әлденеше уақыттан соң аспанда төңкерілген кемпірқосақ пайда болған, деп хабарлайды vesti.ru.
Төңкерілген кемпірқосақ немесе мамандардың тілімен айтсақ, зенит доғасын Манчестер тұрғындары байқап қалған. Mirror хабарлағандай, көп жағдайда мұндай құбылыс жиі көзге түсе бермейді, себебі төңкерілген кемпірқосақ аса үлкен биіктікте және ұсақ мұз кристалдарынан түзілген шарбы бұлттар болғанда ғана пайда болады екен.
Әдетте бұлттардың бұл түрі 5 шақырымнан аса биіктікте түзіледі, сол себепті төңкерілген кемпірқосақ көбінесе жұрт көзінен тасада қалып қояды.
Төңкерілген кемпірқосақтың суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды.