Америкалық сарбаз өз еркімен Солтүстік Кореяға өтіп кеткен

Солтүстік Кореяда шекараны рұқсатсыз кесіп өткен америкалық сарбаз ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап жазды.

АҚШ армиясының өкілі растағандай, ұсталған жігіт - қатардағы жауынгер Трэвис Кинг.

 

Дереккөзге сенсек, ол бұған дейін Оңтүстік Кореядағы Кэмп Хамфриз тәртіптік бөлімінде қызмет етіп жүрген және қарулы күштерден босау үшін АҚШ-қа бара жатқан.

 

Паспорт бақылауынан өткеннен кейін ол амалын тауып қайта оралған.

 

Сөйтіп Солтүстік Кореямен шекарадағы демилитаризацияланған аймаққа апаратын экскурсиялық турға қосылады.

 

Бұл оңтүстіккореялықтар мен туристер үшін тартымды туристік орын саналады.

 

Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қорғаныс министрлігі Трэвис Кингтің әлгі экскурсия кезінде әдейі, өз еркімен шекарадан өткенін айтты.

 

Алайда әзірге ешбір мекеме оны әскерден қашты деп мәлімдеген жоқ.

 

Сол экскурсияға қатысушылардың бірі CBS телекомпаниясына берген сұхбатында сарбаздың күлген күйі Солтүстік Кореяға қашып кеткенін айтты.

 

«Алғашында мен мұны әзіл деп ойладым, бірақ ол содан қайтып келмеді. Сол кезде ғана жігіттің қалжыңдамағанын түсіндім», - дейді ол.

 

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер департаменттің Пентагонмен байланыста екенін және қажет болған жағдайда кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

 

Алғашында сарбаздың аты-жөні құпия сақталды, өйткені Ақ үй әуелі оның туыстарына хабарлауды жөн көрген.

 

Алайда, көп ұзамай бірнеше ақпараттық агенттік бұл адамның аты Трэвис Кинг және ол АҚШ әскерінің екінші класты қатардағы жауынгері екенін жариялады.

 

Журналистердің «мемлекеттік департамент Солтүстік немесе Оңтүстік Кореямен байланысқа шықты ма?» деген сұрағына Миллер «оңтүстіккореялықтармен байланыста екенімізге сенімдімін» деді.

 

Ол мемдепартаменттің Солтүстік Кореямен хабарласпағанын, бірақ оның білуінше Пентагонның Пхеньянмен біраз байланысы бар екенін айтты.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста