Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты

Қырғи қабақ соғыс кезінде 17 жыл бойы Кубаға АҚШ-тың барлау қызметінің аса құпия құжаттарын беріп отырған, тарихтағы ең қауіпті тыңшылардың бірі ретінде танылған Ана Монтес бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Ана Монтестің тарихы туралы кітап жазған журналист Джим Попкин ол туралы деректерді айтып берді. Журналист деректерді алу үшін Ананың достарымен, туыстарымен, жақындарымен сөйлескен.

 

 

Монтес Хопкинс атындағы университетінің аспирантурасына түсіп, онда АҚШ-тың 40-шы президенті болған Рональд Рейганның әкімшілігі жүргізген саясатқа байланысты көзқарасын өзгерткен бірнеше адаммен танысады. Кейін оны куба барлау қызметінде қызмет істейтін студент Марта Веласкес байқайды. Марта оны бірге жұмыс істеуге көндіріп, онымен бірге басқа ел арқылы Куба астанасына барады. Жолай олар кубаның Мадридтегі және Прагадағы басшыларымен кездеседі. Монтес Гаванада жүріп адамның өтірік айтқанын анықтайтын детекторды қалай алдап кетуге болатынын меңгереді. Арнайы түрлі жаттығудан өткеннен кейін ол кубалық таныстар арқылы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне жұмысқа тұрады.

 

Ана Монтес – идеологияның тыңшысы болған. Яғни басқа шпиондарға қарағанда айырмашылығы сол, ол кубалықтардан ешқашан қызметі үшін ақша алмаған. Тек шығындары үшін ғана бірнеше мың АҚШ долларын алған.

 

 

Журналист Попкин кітапханадан Ананың есте сақтау қабілетін дамытуға қатысты алған кітаптарын тапқан. Тыңшы кез келген құжатты өзімен алмаған, тек есінде сақтап, жаттап алған.

 

Попкин Ананың өте сақ болғанын айтады. Себебі АҚШ барлау қызметінде істейтін оның туыстарының бірі Ананың кубалықтармен жұмыс істейтін тыңшы екенін тек ұсталған кезде ғана білген.

 

Ең қауіпті тыңшы нақты немен айналысқан?

 

Ана Монтес АҚШ-тың Куба, Қытай, Иран, Ресей туралы ақпарат жинау үшін арнайы жасалған «Мисти» спутник жүйесінің кодын бұзған. Журналистің айтуынша, ол толық ақпаратты білмейді. Дегенмен Монтес берген ақпараттарды Куба Ресейге беріп отырған деген ойды айтады.

 

 

Тыңшыны қалай тапқан?

 

Американың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі кубалық радио-хабарламалардың бірі Монтеске тікелей арналғанын біліп қойған.

 

Агенттік алған мәліметтерін екі жыл бойы іздеу жұмыстарымен айналысқан, бірақ таппаған ФБР-ге береді. Олар ақыры осылай Ана Монтесті қолға түсірген.

 

Ана Монтес 2001 жылы 11-қыркүйектегі жарылыстан кейін он күнде ұсталды. Оған Куба үшін тыңшылық қызметпен айналысты деген айып тағылып, 2002 жылы өзі де жасаған қылмысын мойындап, 25 жылға сотталды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста