Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, ел аумағында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Соңғы екі аптада сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Тәулігіне COVID-19-ға ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркелуде. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттанушылық 1,7 есеге, яғни 782 жағдайдан 461 жағдайға дейін төмендеді. Әлемде омикрон штамының жаңа түрі – кракен таралып жатыр. Ол 87 мемлекетте анықталған. Секвенирлеу әдісінің соңғы деректеріне сүйенсек, елімізде бұл штамм анықталған жоқ, - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңір жасыл аймақта тұрғанына тоқталды.
7 өңірде: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, облыстарында R көрсеткіші бірден жоғары. Осыған байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адамдар көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылатынын еске саламын, - деді бас санитар дәрігер.