Әлемде 40 күн аптап ыстық болатыны рас па

WhatsApp желісінде 40 күн бойы әлемде ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа дейін көтерілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Мұндай ауытқушылықтар әр 60 жыл сайын болып тұрады-мыс. Анық-қанығын Stopfake.kz анықтап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен, хабарламада қолданылған терминологияға назар аударған жөн. Онда «мысық күндері» туралы жазылған. Метеорологияда да, климатологияда да мұндай термин жоқ.

Сондай-ақ хабарламада ауа температурасының 50 градусқа дейін көтерілетіні болжанып отырған нақты аймақтар көрсетілмеген. Бір уақытта Жердің барлық континентінде мұндай жағдайдың орын алуы екіталай. Мұндай күмәнді пікірлер хабарламаның фейк екендігінің белгісі. Уақыт пен географиялық белгілердің болмауынан оны кез келген жерде және кез келген уақытта таратуға болады.

Әр 60 жыл сайын қайталанатын 40 күн бойы болатын аптап ыстық туралы теорияға келетін болсақ, оны желіде оңай тексеруге болады. Шын мәнінде, ауа температурасының көтерілуі тұрақты әрі алпыс жыл сайын орын алмайды. Соңғы жылдары әлемде рекордтық жоғары температура жиі тіркелуде. Мәселен, 2022 жылы Еуропада ыстық болды, ал 2023 жылы температураның рекордты көрсеткіштері Азия елдерінде тіркелуде.

Мұның себебі – Жердегі климаттың өзгеруі. Парниктік газ шығарындыларының көп болуына байланысты планетаның жоғары бетінде температура жоғарылайды.

Демек, таралған ақпарат фейк және оған сенбеген жөн», - деп жазады сайт

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста