Осы аптада Майами полициясы 3 жасар ұлын өлтіру үшін киллер жалдамақ болған 18 жастағы бойжеткенді қамауға алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Джасмин Паез өзі білмей кісі өлтірумен айналысатын адамдарды анықтауға арналған жалған веб-сайтта өз баласын өлтіруге тапсырыс беру үлгісін толтырған.
Полицияның айтуынша, веб-сайт операторы өлтіру туралы өтінішті ала сала дереу полицияға хабарлаған.
Тергеуден кейін билік сейсенбі күні кешке Паезді қамауға алды. Сот құжаттарына сәйкес, 18 жастағы қызға бірінші дәрежелі кісі өлтіруге арандату айыбы тағылған.
Өз баласын өлтіруге тапсырыс үлгісін толтырған кезде, Паез жалған есімді қолданып, баласын мүмкіндігінше тезірек алып кетуді және өлтіруді сұрады.
Билік Паезді жалған веб-сайт арқылы алынған IP мекенжайы мен телефон нөмірін пайдаланып тапты.
Анықталған, үй 3 жасар баланың әжесінің үйі болып шыққан. Полицияның мәліметінше, бала сол кезде әжесімен бірге тұрған.
Әжесі сайтта көрсетілген фотосуреттегі туған немересі екенін, ал телефон нөмірі – қызыныкі екенін растады.
Паез анасының үйінен мамыр айында кетіп қалған, бірақ күн сайын ұлымен телефон арқылы сөйлесетін.
Паезді қамауға алар алдында оның ісімен айналысқан детективтердің бірі сайтта көрсетілген нөмір бойынша байланыс орнатып, киллер ретінде онымен хабарлама алмасты.
Паез бастапқы тапсырысты растап, «жұмыс» үшін 3000 доллар төлеуге келісті, деп хабарлады полиция.
Жас қыздың туған ұлын өлтіруге неліктен оқталғанын түсіндірді. Айтуынша, өзі кездесіп жүрген ер адам оның баласының бар екенін білгенде тастап кеткен.
Паез кісі өлтірушіні жалдап, баласынан құтылу арқылы сүйіктісімен қайта қосылуға үміттенген.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz