«Отағасының қалауы». Тележүргізуші қалай «малшы қыз» атанды

«Отағасының қалауы». Тележүргізуші қалай «малшы қыз» атанды

Ауылда мал бағып, қой қырқып жүрген «Торғай қыздың» оқиғасы қызық. Шәрипа Жұмабайқызын бүгінде көбі малшы қыз, ауылдағы журналист Базарбаева деп таниды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бір кездері тележүргізуші болған қыздың өмірі әп сәтте өзгеріп сала берген. Күйеуі басшылық қызметтен, өзі телеарнадағы жайлы жұмыстан бас тартқан.

 

Шәрипа Жұмабайқызы жұбайының ұсынысын қолдап, қазір ауылда мал бағып жүр. Қаладағы қызметтен кеткен отбасының қырдағы қызық тірлігі бүгінде әлеуметтік желі қолданушыларының көз алдында. «Малшы қыз» өзінің жеке парақшасына қой қырқу, малдарға екпе салу, емдеу деген сынды видеоларды жиі жүктеп тұрады.

 

Жақында «Ақ желкен» журналына Шәрипаның ауылдағы тірлігі жайында «Торғай қыз», жас журналист және қырдағы қызғалдақ» атты жазба жарияланды. Онда журналист қыз намысқа тырысып көп нәрсені үйренгенін айтады. Сиыр сауып, қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран – бәрін бір өзі жасап отыр.

 

 

Үш жылдан бері ауыл өмірі мен мал бағудың қыр-сырын меңгеріп алған келіншек: «Бұл да бір өмірдің өтуі керек кезеңі шығар. Білгенім, үйренгенім өзіме жақсы. Әрине, арманым қырда отырып мал бағу емес-тін. Бірақ адамның дегені емес, Алланың қалауы болады. Бұйыртса бұл жұмыстың да бір ыңғайын шығарып, қайта эфирге оралармын. Ол – уақыт еншісіндегі дүние», дейді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста