Алма жері құнарлы оңтүстiктiң брендiне айналады

Алма жері құнарлы оңтүстiктiң брендiне айналады

Ағашты ат орнына мiнiп, жалаңаяқ шауып жүрген балалық атты балдәурен шақта ауыл iргесiндегi алма бауына жиi-жиi ұрлыққа түсушi едiк. Тәжiктер айналасын шым қышпен өрiп, биiктiгi кiсi бойындай қорған жасап қойған. Сол қорған-шарбақтан асып түсу бiзге түкке тұрмайтын. «Совхоздың бауы» аталатын сол жерге барғымыз келедi де тұрады. Шiркiн, алманың дәмдiлерi сол бауда едi ғой. Қып-қызыл алмалар үлкендiгiмен де ерекшеленетiн.
Тоқсанбай атамыз ұрлық жасаған баланы ұнатпайды-ақ ендi. Қолындағы шыбықпен майлы жерiмiзден шып-шып ұрғанда тығылатын жер таппай тыпырлап қалатынбыз. Сонда да бауға ұрлыққа түсудi қоймадық. Оныншы сыныпты бiтiрген соң өмiр сүрлеуiмен отыз ұл-қыз отыз жаққа кеттiк. Араға жылдар салып туған жерге оралғанда сол мәуелi баудың орны да қалмапты...
Ауылдың айбарына айналған жасыл бауды iздеп шарқ ұрған жүрекке асықтарымызбен бiрге жоғалтқан бал күндер қосылып, iшiмнiң әлем-жәлем болғанын қалай айтпай өтейiн.
Айтпақшы, арман қуып ару Алматыға аттанғанда сағынышымызды апортпен басармыз-ау дегенбiз. Тоқсанбай атаның бауы талай рет түсiмiзге кiрдi. Бiрақ Алматының апорты да сиреп қалған екен.
Кеңес өкiметi тұсында Түлкiбас ауданындағы Мичурин кеңшарының да даңқы өрлеп тұрды. Сарыағаш ауданы жүзiммен қатар алманың да отаны едi. «Қапланбек» шарап зауытының даңқы КСРО атты алып державаның барлық республикаларына тарады. Билiкке М.Горбачев келдi де жүзiм плантациялары түгелдей оталды. Оның зардабын берiде көрдiк. Қытайдың құрт та жемейтiн алмасы, баданадай-баданадай жүзiмдерi базарларда самсап тұратын болды. Осы өнiмдердiң адам ағзасына зияны туралы кезiнде талай жазылды. Әлi де айтылып, жазылып келедi.
Жалпы, бау-бақша өнiмдерiн көршi мемлекеттерден тасымалдамай-ақ өзiмiзде өндiруге толық мүмкiндiк бар екен. Облысымызда алма өсiрумен 148673 шаруашылық айналысады. Өңiрiмiздiң 7376,5 гектар алқабында алма бауы жайқалып тұр.
Бүгiнде облысымызда шетелдерде ғана өсетiн алма түрлерi жерсiне бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында 15 гектар жерге итальяндық алма егiлдi. «Ынтымақ – Бес арыс» ЖШС директоры Жомарт Әбдiмаев оңтүстiктiң климатына көндiгiп өсiп, өнiм беретiн алма түрлерiн таңдағанда қателеспегендерiн алға тартады. «Ұзатылған» алманы итальяндықтардың өздерi келiп көрiп, таңырқап кетiптi. «Сiздердiң жер бiздiкiне қарағанда құнарлы екен» дегендi де сол итальяндықтар айтқан. Итальяндық алма көшеттерi тез өсумен бiрге жемiсiн де көп күттiрмей бередi екен.
Ал, Түлкiбастың алмасы ауданның брендiне айналмақ. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшiн «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан 400 миллион теңге бөлiнген. Ауданда алма бауларды қайта жаңғыртып, жемiс-жидектi аймаққа айналдыру мақсатында 2015 жылы 725 гектар жерге алма бауы егiлiп, жалпы көлемi 2791 гектарға жеткен. Биыл «Максимум» АИО-дан алынатын қаржы кәсiп ашуға ниеттi әлеуметтiк жағдайлары төмен және жас отбасыларға жататын 50 шақты шаңырақ иесiне берiлiп, алма баудың көлемiн 4 мың гектарға жеткiзу жоспарлануда. Сонымен бiрге осы жұмыстардың оңды iске асуына польшалық инвесторлар да атсалыспақ. Шетелдiк бағбандар таулы өлкеде алма бауын егiп қана қоймай, сауда-логистикалық орталығын салуды да көздеп отыр. Сөз жоқ, осы жобалардың барлығы жүзеге асқанда бағбандардың өнiмдерi iшкi нарықпен қатар, елiмiздiң өзге аймақтарына да шығарылып, саудаланатын болады. Қазiр түлкiбастық бағбандар өнiмнiң ысырапсыз сақталып, өңделуi жөнiнде бас қатырмайды. Жоспарлы жұмыстарды атқару үшiн жергiлiктi әкiмдiк жемiс-жидектер сақтайтын 9 қойма, «Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында iске асқан жемiс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығаратын 3 кәсiпорын ашты. Ауданда бау-бақша, жемiс-жидек, көкөнiс өнiмдерiн барынша көбейту және өңдеу, сонымен қатар сақтау бойынша жұмыстар алдағы күндерi де жалғасын таппақ. Қысқасы, Түлкiбас ауданы алманың отанына айналатын күн тақау.
Қасиеттi Қазығұрт тауының етегiндегi бағбандар да бұл бағытта жемiстi еңбек етiп келедi. Қазығұрттықтар былтыр 1950 гектар жерге бау егiп, 28590 тонна өнiм жинаған. Биыл алма бауының көлемi 300 гектарға ұлғайып отыр. Сонымен көп жылдық екпелер 2250 гектарға жеттi.
Қазығұрт ауданындағы «Амангелдi» ЖШС 530 гектар жерге бау, 120 гектар жерге жүзiм ектi. Серiктестiк 276,2 миллион теңгеге сыйымдылығы 2 мың тонналық жемiс-жидек және көкөнiс қоймасын iске қосты. Аудан көлемiндегi агроқұрылымдарды сапалы жемiс-жидек екпелерiнiң көпжылдық көшеттерiмен қамтамасыз ету мақсатында «Амангелдi» ЖШС «тұқымбақ» мәртебесiн алған едi. Биыл 1,4 миллион көшет өндiрiп, облыстағы барлық шаруашылықтарға сатқан. Серiктестiк 2017 жылы 1,8 миллион түп көшет дайындауды жоспарлап отыр. Аталған тұқымбақта «Голден делишес», «Ренет семиренко», «Старкримсон» сортты алмалары, «Исполинская» сортты алқоры, «Чемпион», «Эльберта» сортты шабдалы, «Тайфи розовый», «Киш-миш черный» сортты жүзiм көшеттерi өсiрiледi.
Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiнiң бас маманы Марат Жолдасовтың айтуынша, былтыр серiктестiкке мемлекет тарапынан өсiрген көшеттер үшiн 45 миллион теңге субсидия төленген.
Алтынтөбе ауылдық округiнде iрiлендiру жұмыстарының нәтижесiнде 4 кәсiпкер бiрлесiп, «Қаржан алма» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiн құрған. Қазiр олар 20 гектар жерге жемiс-жидек егiп отыр. Шарбұлақ ауыл округiндегi «Бiрлiк» өндiрiстiк кооперативi 70 гектар жерге жемiс-жидек жайқалтуда. Қазiр екi кооперативте 180 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов өңiрiмiздi дамытудың бағыттарын нақтылап, мiндеттеп отыр. Алдағы уақытта алма Оңтүстiктiң брендiне айналады деген сенiм зор. Өйткенi, өңiрiмiзде алманың жүздеген сорты өседi. Оның iшiнде ерте пiсетiнi, қысқа сақтайтыны да көп. Тiптi, келесi алма пiскенге дейiн хош иiсi бұрқырап тұратындары қаншама. Әрине, өнiмдердi экспорттаудан экономикамызға едәуiр көлемде табыс түседi. Дей тұрғанмен, шетелдердiң дәмсiз, нәрсiз жемiс-жидегiн, бау-бақша өнiмдерiн, көкөнiстерiн ығыстыра отырып, өз нарығымызда жергiлiктi өнiмдердi молайтуымыз керек.
Туған жер топырағында өнген өнiмге не жетсiн, шiркiн?!

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
«Оңтүстiк Қазақстан» 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста