Жылына 6500 жұп жасанды ұрықтандыру жасатады – гинеколог-репродуктолог

 Тек Алматы қаласында 1000-ға жуық ерлі-зайыптылар жұбы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ЭКҰ кезегін күтуде.

Жылына 6500 жұп жасанды ұрықтандыру жасатады. Тек Алматы қаласында 1000-ға жуық жұбайлар жұбы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында экстракорпоралды ұрықтандыру кезегін күтуде. Мұндай ақпаратты бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы Ләззат Айтқожина айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауының "Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт" атты бөлігінде халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін атап өткен болатын.

"Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек", - деді Қазақстан Президенті.

Ләззат Айтқожинаның айтуынша, эмбриологиялық зертхананы "экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығының" жүрегі деп сенімді айтуға болады. Арманның іске асуы – болашақ сәбидің ұрықтануы қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) зертханасында басталады. Зертхананың негізгі құндылығы – жоғары білікті тәжірибелі мамандар. Ұрықтандыру – "зергерлік өнер", сондықтан эмбриондармен барлық емшаралар микроаспаптарды қолданып, зор ұлғайтумен жасалады.

"Ұрықтандыру және қалыптасу кезеңінде эмбрионды ешкім көре алмайды, мамандар эмбриологиялық зертханада дамудың барлық сатыларын қадағалап отырады. ҚРТ зертханасы алдыңғы қатарлы ең жаңа жабдықпен қамтылған. Инкубаторларға бейнекамера кірістірілген, ол эмбриондардың дамуын нақты уақыт тәртібінде бақылауға, ұрықтандырудың алғашқы күнінен бастап эмбрион дамуын бейнежазбаға және фотосуретке түсіруге мүмкіндік береді. Одан басқа, зертханада мұздатылған биологиялық материалды, атап өтер болсақ, эмбриондарды, шәует жасушаларын, ооциттерді, овариалды және тестикулдық тінді сақтайтын қойма бар. Мұздатып қатырудың заманауи әдісі витрификация сәтсіз әрекеттен кейін жұбайларға жоғары ықтималдықпен көп күткен жүктілікке қол жеткізіп, дені сау бала тууға мүмкіндік береді. Эмбриондарды мұздатып сақтау – бұл балалы болған, бірақ тағы бала сүйгісі келетін ерлі-зайыптылар үшін маңызды резерв", - деді гинеколог-репродуктолог.

Оның мәліметінше, бүгінде барлық дерлік ҚРТ саласындағы ең заманауи әдістемелер емделушілер үшін қолжетімді.

"Біз ерлер бедеулігінің ауыр түрлерін, микроманипуляциялық жолмен де, обструкциялық емес азооспермия кезіндегі микрохирургиялық әдісті қосқанда оперативтік жолмен де сәтті емдеп жүрміз. Ооциттер мен эмбриондарды мұздатып сақтау, жыныс жасушаларының донорлығы, құрсақ аналық, онкологиялық науқастардың аналық без тінін мұздатып сақтау сәтті енгізілген, жаңа заманауи тәсілдемені пайдаланумен қысқа мерзімде имплантация алды генетикалық диагностика (ИГД) жасалады. Қазіргі таңда бүкіл ТМД аумағы бойынша диагностиканың осы түрі бізде ғана жасалады. Біздің емделушілеріміз үшін бұл үлкен артықшылық", - деп түсіндірді Ләззат Айтқожина.

Медицина қызметкері ИГД эмбрионда гендік деңгейде берілетін аурулардың бар-жоғын анықтау үшін қажет екендігін айтты. Мұндай имплантация алды зерттеулерді жасанды ұрықтандырудың сәтсіз әрекеттері, ерлер бедеулігі, жүктіліктің соңына дейін жетпеген кезінде және егде репродуктивтік жастағы жұбайларға жасайды.

"Ұрыққа генетикалық ауытқулардың берілу қаупі бар болғанда. Сонымен қатар 2016 жылы соңғы буынның генетикалық тесті – CGH (салыстырмалы геномды будандастыру) технологиясы енгізілген болатын. Бұл әдіс эмбриондарды жатыр қуысына қондырғанға дейін бүкіл 23 хромосома жұбын түрлі генетикалық ауруларға жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл біздің эмбриологтарда ЭКҰ бағдарламасы бойынша эмбриондарды көшірмес бұрын олардағы барлық хромосомаларды тексеру мүмкіндігі пайда болады дегенді білдіреді. ИГД кезінде эмбриондарда ауытқуларды анықтау деңгейі төмендеу", - деді Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы.

Өз кезегінде мұндай үрдіс генетикалық ауытқулары бар эмбрионды көшіру ықтималдығын оңтайлы азайтады және егде жаста пайда болатын тұқым қуалайтын ауруларды анықтайды. Одан басқа, CGH-тест тек ең сапалы эмбриондарды таңдап алуға мүмкіндік береді, ол емделушілердің дені сау жүктілікті соңына дейін жеткізу мүмкіндігін арттырады.

Сондай-ақ, брифинг барысында Ләззат Айтқожина жасанды ұрықтандыру жасаудың бірқатар көрсеткішін атап берді. Олар: жүктіліктің ерте мерзімдерінде түсік тастаған немесе бірнеше жүктілігі дамуын тоқтатқан емделушілер, себебі мұндай жағдайлардың көбі хромосомалық ауытқулармен байланысты; 30 жастан асқан әйелдер, өйткені жас ұлғайған сайын тұқым қуалайтын аурумен бала туу қаупі артады; анамнезінде екі немесе одан көп сәтсіз ЭКҰ әрекеті болған емделушілер; ер бедеулігінің ауыр факторы; емделушіде хромосомалық патологиялы жүктілік болған немесе жұбайлардың бір генетикалық ауру баласы бар; ата-ананың бірінде немесе екеуінде теңгерілген құрылымдық хромосомалық өзгерістер бар; жынысқа байланысты хромосомалық ауруларды жоққа шығару үшін эмбрионның жынысын анықтау, сонымен қатар емделушінің қалауымен кариотиптегі бұзылыстар.

Дәрігер сөзінде Репродуктивті медицина институты емделушілерге "aCGH" немесе "FISH" талдау әдісін таңдай отырып имплантация алды генетикалық диагностика өткізумен қосалқы репродуктивті технологиялар бағдарламаларының толық циклын бір жерде жасауға мүмкіндік беретін Қазақстандағы бірінші және жалғыз емхана екендігіне тоқталды.

"Жемісті еңбек пен емдеу сәттілігінің жоғары көрсеткіштерінің нәтижесі ретінде емхана тегін медициналық көмек аясында мемлекеттік тапсырыстардың үштен бірін орындайды. Бұл квота бөлінетін ЭКҰ бағдарламалары және лапароскопиялық операциялар. 2010 жылдан бері мұқтаж жандарға үкімет квота беріп келеді. Дегенмен де өткен жылғы статисткалық мәліметке сүйенсек, еліміздегі отбасылардың 16% бала сүйе алмай отыр. Статистика бойынша шамамен бір жылда 150 мың неке тіркелсе, оның 16% – яғни 20-21 мың жұп баласыз. Сонда орта есеппен жылына 6500 жұп ЭКҰ жасатады. Ал, енді былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы квотаның саны сәл көбірек. Биыл Қазақстан бойынша 900 мемлекеттік квота бөлінді. Бұл мұқтаж жұптардың тек 17% ғана қамтиды. Осы сандарды ескерсек, 900 квотаның өте аз екені түсінікті", - деді гинеколог-репродуктолог.

Ләззат Айтқожина сөз соңында Бедеулік маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып қалып жатқанын, оны еңсеру – елдің демографиялық саясатының орындалуына зор үлес қосу деген сөз екенін айтты. Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта әртүрлі деректер бойынша Қазақстандағы бедеу некенің жиілігі жалпы ерлі-зайыпты жұптардың ішінде 15-17% болып отыр. Тек Алматы қаласында 1000-ға жуық жұбайлар жұбы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ЭКҰ кезегін күтуде.

bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста