"Жезөкшеден жұқтырдым" - ВИЧ-ке шалдыққан атыраулық жігіт

"Жезөкшеден жұқтырдым" - ВИЧ-ке шалдыққан атыраулық жігіт

Атырауда өткен жылы 47 адам ВИЧ жұқтырған. Қала тұрғыны 29 жастағы Ерланның айтуынша, ол ауруды жезөкшеден жұқтырған. Қазір жігіт дәрілерін ішіп, денсаулығын күтіп, өзінің ЖИТС жұқтырғанын жасырып жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы орталықтың мәліметінше, өткен жылы 47 адам осы ауруды жұқтырса, оның бесеуі — шетелдіктер.

 

elements.envato.com

 

44 адам ЖИТС-ті төсек қатынасы арқылы жұқтырған, ал қалғандары есірткі өнімдерін көктамырға енгізу кезінде жұқтырып алған, — деді аталған орталықтың өкілі Аягөз Жеткіншекқызы.

 

Атырауға шетелден жұмыс істеуге келетіндердің көп болуына байланысты. ЖИТС жұқтырған шетелдіктер жиі анықталады. Көбі Орталық Азия елдерінен.

 

ЖИТС жұқтырған қала тұрғыны Ерланның айтуынша, ол өзінің инфекциясы туралы өткен жылы білген.

 

"Бойдақ болғандықтан, жеңіл жүрісті қыздардың қызметін жиі пайдаландым. Әрине, қорғанып жүретін болдым. Алайда бірнеше рет төсек ләззәтына бөленіп, мүшеқаптың жыртылып кеткенін байқамай қалдым. Аса қатты мән берген жоқпын. Кейін өзім үшін тест тапсырып көруге барғанымда, инфекция жұқтырып алғанымды білдім", — дейді ол.

 

Ерлан бұл ауруы туралы алғаш естігенде дел-сал күй кешкенін айтады.

 

Әрине, өмірімнің астан-кестені шықты. Күйзеліске түсіп, әрі қарай өмір сүрудің қажеті жоқ деп ойладым. Психологтың көмегіне жүгінбедім. Кейін біртіндеп өз-өзіме келе бастадым. Есепке бірден қойылдым. Шақырған кезде барып, дәрі-дәрмек алып тұрамын, — дейді ол.

 

Ерланның айтуынша, ол бұл дертті жезөкшеден жұқтырған.

 

Үйленетін жасым да келіп қалды. Некеге тұрмас бұрын осындай ауруларға сынама тапсыру керек екен. Осыдан қатты қорқамын. Тіпті мен қай жезөкшеден жұқтырғанымды да білмеймін ғой, — дейді Ерлан.

 

Оның ЖИТС жұқтырғанын санаулы адам ғана біледі. Мұнай компаниясында жұмыс істейтін Ерлан болашақта елден көшуді де ойлап жүр. Ал әзірге дерті туралы біреу біліп қоймас па деп, жалтақтап өмір сүріп жүр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста