Жапон ғалымдары адамды арықтататын дәрі жасап жатыр
Окинава ғылым және технология институтының ғалымдары семіру гендеріне қысым түсіру арқылы қалағанша тамақ жеп, бірақ сымбаттылықты сақтап қалуға болатынын дәлелдеді.
Семіздік - адам денсаулығына кері әсер ететіні баршаға мәлім: қан қысымы артады, жүрек аурулары пайда болады, обыр пайда болады және бұл ең бастылары ғана. Дәрігерлер қазірге дейін семіздіктен құтылудың бірегей тәсілін ойлап тапқан жоқ, сондықтан тек қана тамақтану тәртібін ретке келтіру арқылы әрі спортпен шұғылдану арқылы дене сымбатын сақтауға болады.
Акинори Такахаши есімді ғалым әріптестерімен бірге семіздік сырын генетикалық деңгейде зерттеп көрді. Жұмыс барысында олар молекулярлық механизмдердің бірі майдың жиналуы және жойылуына жауапты екендігін тапты.
Эксперименттер тышқандарға жүргізілді. Олар Cnot7 және Tob гендерінің жетімсіздігі кезінде қанша тамақ ішсе де семірмеген. Мамандар семіздік генінен қысым түсіретін дәрі жасауды қолға алды. Бұл адамдарды семіздіктен құтқарады деген болжам бар, деп жазады шетелдік БАҚ.