Жалақымыз 450 мың ғана. МСҚ басшысы жалақының аздығына шағымданды

Жалақымыз 450 мың ғана. МСҚ басшысы жалақының аздығына шағымданды

Қазақстанда 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге 9 млрд теңгеден астам сома жұмсалды. Бұл туралы мекеменің басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

- Орта есеппен алғанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді ұстауға 9 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қорда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Біздің барлық облыс бойынша филиалдарымыз бар, онда  700-ге жуық адам жұмыс істейді, - деді Сәбит Ахметов.

 

Қаржының 80 пайызы еңбекақыны, 20 пайызы өзге шығындарды өтеуге жұмсалған.

 

Сонымен қатар Сәбит Ахметов әлеуметтік сақтандыру қорында қызметкерлердің ұзақ мерзімге тұрақталмайтынын айтты.

 

- Орташа жалақы – шамамен 450 мың теңгені құрайды. Бірақ бұл ондай көп сома емес. Себебі бізде жыл сайын кадрлардың ауысуы 22 пайызды құрайды. Яғни әрбір бесінші адам жыл сайын жұмыстан кетеді деген сөз. Жүктеме өте үлкен болғандықтан, жұмыс та өте көп. Сәйкесінше олар мұндай жүктемеге шыдамай, қызметтен кетеді. Егер жалақымыз жақсы болғанда, онда адамдар бізден кетпейтін еді, – деді ол.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста