Ұзақ өмір сүрудің құпиялары!
Бүгінде әлем ғалымдарының басын қатырып отырған ең басты мәселенің бірі – адамзаттың неғұрлым ұзақ өмір сүруі болып отыр. Осыған орай, әлемдегі барлық ел халқының орташа өмір сүру жасын ұзартуға тырысуда. Айта кетер жайт, біздің еліміз халқының орташа өмір сүру ұзақтығынан басқа елдермен салыстырғанда «ұяттылау». ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2009 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша күтілген көрсеткіш 68,6 жас болса, 2010 жылы 68,41 жас болған. Алайда, шындығында, бұл көрсеткіш 67,87 жасты құраған. Нәтижесінде еліміз өмір сүру ұзақтығының деңгейі бойынша әлем елдері арасында 152-орында тұр.
Ал әлем елдерінің арасында орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша Жапония 82,12 жаспен алдыңғы орында келеді. Мамандар өмір сүру ұзақтығының төмен болуының негізгі себептерін ерте өлім-жітімге, мүгедектікке әкеліп соқтыратын аурулардың пайда болуымен түсіндіреді. Осы орайда жыл өткен сайын түрлі аурудың «жасарып» бара жатқаны да мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені қай ауру түрі болсын адамдар өмірін қысқартуға елеулі әсерін тигізеді. Бүгінгі күні халқымыздың өмір сүру жасының төмен болуына елеулі әсерін тигізіп отырған аурулардың бірі – остеопороз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, аталмыш ауру таралуы жағынан жүрек-қан тамырлар жүйесі, онкология, қант диабетінен кейінгі төртінші орынға ие көрінеді. Мамандар «халықтың өмір сүру жасының төмен болуына көбінесе остеопороз ауруы әсер етеді» дейді.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.