СҰМДЫҚ! Емші жаңа туған сәбидің бет-аузын тілгілеп хиджама жасаған

СҰМДЫҚ! Емші жаңа туған сәбидің бет-аузын тілгілеп хиджама жасаған

Жаңа туған сәбидің бет-аузын тілгілеп хиджама жасағандар әлеуметтік желіде елдің ашуын туғызды. Жұрттың көбі халық еміне жүгінген ананы да, балаға ем жасаған маманды да жерден алып, жерге салып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К" -ке сілтеме жасап.

Көрген адамның жүрегін селк еткізетін видеоны журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің Facebоок-тегі парақшасында жариялады. Онда жаңа туған нәрестеге емшінің хиджама жасап жатқанын көруге болады. Сәбидің бет-аузынан қан алып жатқандардың әрекеті көптің ашуын туғызды.

 

"Мынау сұмдық екен! Instagram-да "Хиджама центр" емдік орталығы деп тіркелген мекеме қызметкерлері жаңа туған сәбиді бұлай "емдеуі" масқара ғой. Видеоның астына "Сәби қой ауруын қию" деп түсініксіз бірдеңе жазып қойыпты. Мына орталықты шұғыл тексеріп, қажет болса жабу керек деп есептеймін.. Шақалақтың бетін қан-жоса ғып тілгілеткен анасында да ес жоқ екен. Қатты кетсем айып етпеңіздер, бізде кей аналар медицинадан хабарсыз, қараңғы деуге болады. Сауатты болайықшы, құрметті аналар", — деп жазды Гүлбану Әниятқызы.

 

Қоғамда резонанс туғызған мәселеге қатысты Экспресс К маманның пікірін білді. Педиатр Айгерім Абыдынова жаңа туған нәрестеге хиджама жасаған орталықты лицензиясынан айырып, емшіні соттау керек дейді. Өйткені мұндай процедура баланың денсаулығына аса қауіпті екен.

 

"Дүниеге келген баланың үш айға дейін құлағы дұрыс естімейді, көзі дұрыс көрмейді. Баланың мына қоршаған ортадан ақпаратты алуы тек тері арқылы жүреді. Сондықтан да Алла біздің терімізді үш айға дейін өте сезімтал қылып жаратқан. Біз теріміз арқылы дем аламыз, сол арқылы естиміз және ата-анамызды сол арқылы сезінеміз әрі қабылдаймыз. Сондықтан нәрестенің терісіне хиджама тұрмақ, оны маймен сылауға да болмайды. Анатомиялық тұрғыдан алғанда қазіргі дамыған мемлекеттердің барлығы ласьон, түрлі крем жағу дегеннен жаппай бас тартуда. Ал ана емші баланың терісін кескілеп жатыр. Мұның арты жақсылыққа апармайды. Өйткені балада тері асты май қабатының қабынуы, тіпті мұның соңы қатерлі ісікке де алып келуі мүмкін. Сондықтан ана емшіні балаға өзінің еркінен тыс физикалық күш көрсеткені үшін соттау керек! Бүкіл лицензиясынан айыру керек", — дейді Айгерім Абыдынова.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста