Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін жедел жәрдем қызметкері жазалануы мүмкін

Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін жедел жәрдем қызметкері жазалануы мүмкін

Петропавлдық оқушы мектептегі балаларды балтамен жарақаттағаннан кейін оқиға орнына бірінші болып барған фельдшер медициналық қызмет көрсету талаптарын бұзған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногқа сілтеме жасап жазды.

Әлеуметтік желіде фельдшерді жазаға тартқаны туралы ақпарат тарады. Себебі ол тағы екі жедел жәрдем көлігін шақыруға тиіс еді. Енді медициналық көмек көрсету талаптарын бұзғаны үшін бес ай бойы сыйақыдан айырылғаны хабарланды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, фельдшер жазаға тартылған жоқ. Бірақ, шынымен де, медициналық қызмет көрсету талаптарын өрескел бұзған.

 

"Бірнеше адам зардап шеккен жағдайда бригаданың аға дәрігері немесе фельдшері барлығының жағдайына жылдам баға беріп, сол ауысымның аға дәрігерімен қосымша күш тарту бойынша ақылдасуға тиіс. Мұны жасаған жоқ. Ал аға дәрігер қосымша бригаданың қажет екенін мектеп қызметкерлерінен ғана білді", - деді Белоног.

 

Оның айтуынша, әрбір маман өз жұмысын дұрыс атқаруы керек. Мәселен, дәрігер алдымен зардап шеккен адамдарды жарақатына қарай "қызыл, сары мен жасыл" сұрыптайды.

 

"Ең бірінші кезекте "қызыл" пациенттерге көмек көрсетіледі. Мәселен, ол адам көп қан жоғалтса, шұғыл шара қабылдау қажет. Сосын екінші бригаданы шақыру үшін аға дәрігермен міндетті түрде хабарласу керек. Содан кейін ғана зардап шеккен адамдарға алған жарақатына қарай кешенді медициналық көмек көрсеткен жөн", - деп атап көрсетті Белоног.

 

Мектепке барған фельдшердің мәселесі емдеу-бақылау комиссиясында қаралады. Ондай жиында ауыр жағдайлар мен қателіктер талқыға салынады.

 

"Сол жерде тиісті қорытынды жасап, шешім қабылдаймыз", - деді орталық басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста