Медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру жоспарланды

Медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру жоспарланды

А. Ғиният денсаулық сақтаудың тұрақты моделін құру жөніндегі жоспарды іске асыру туралы баяндады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты Денсаулық сақтау моделін құру жөніндегі сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалуы туралы баяндады.

А. Ғиният 2021 жылы денсаулық сақтау шығыстарының үлесі елдің ЖІӨ-нің 2,9% -ын құрағанын атап өтті. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саланы тұрақты дамыту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізуді ұсынады.

ҚР ДСМ басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, ведомство міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

«МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру арқылы халықты ынталандыру; медициналық қызметтер пакеттерін нақты ажырату: ТМККК және МӘМС; медициналық көмек түрлері бойынша қаражатты оңтайлы бөлу; медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай ақпараттық жүйесін іске қосу арқылы қаржы ағындарын бақылау және халыққа медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру бойынша бірқатар басқа іс – шаралар жоспарлануда”,- деді А. Ғиният.

Сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына жауап беретін денсаулық сақтаудың заманауи жүйесін қалыптастыру үшін СӨС қызметі орталықтандырылатын болады, сондай-ақ СӨС, дұрыс тамақтану және тұзды тұтыну мәселелерінде халықтың сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Дәрігерлік мамандықтың мәртебесін арттыру шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуді, қылмыстық нормаларды ізгілендіруді, сондай-ақ дәрігерлерді заңдық және қаржылық қорғау шеңберінде өзге де шараларды көздейтін тиісті заң жобасы әзірленді.

ҚР ДСМ кәсіби қарап-тексерулерді қамтуды кеңейту шеңберінде МӘМС шеңберінде нозологиялар тізбесін ұлғайту, нысаналы топтарды және ауыл тұрғындары үшін зерттеулер тізбесін қайта қарау көзделген. Сондай-ақ балаларды профилактикалық тексеру кезінде зерттеу көлемі ұлғайды.
Әйелдерді босандыру қызметі 11 заманауи перинаталдық орталық желісімен күшейтіледі. Шымкентте перинаталдық орталықтың пилоттық жобасы әзірленуде.

«2023-2025 жылдарға арналған халыққа онкологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді, онда онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары, ерте анықтау және емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ жаңа онкологиялық орталықтар салу, корпустарды реконструкциялау және заманауи жабдықтармен жарақтандыру көзделеді», - деп хабарлады министр.

Сондай-ақ, Алматы қаласында балалар онкологиясы мен гематологиясының заманауи ұлттық орталығын құру жоспарлануда. Инсультпен ауыратын науқастарды емдеу тәсілін үйлестіру үшін салынып жатқан «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» көпбейінді ауруханасының базасында бірыңғай консультациялық инсульт орталығы іске қосылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі пилоттық ұлттық жоба қабылданды.

Бұдан басқа, еGOV mobile мобилдік қосымшасында халық үшін медициналық деректер бойынша кеңейтілген ақпаратты көздейтін «eDensaulyq» жаңа бөлімі іске асырылды.

Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту шеңберінде келісімшарттық өндірістің инвестициялық жобалары бойынша үздік әлемдік фармацевтикалық өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде.
«32 жаңа дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен техника өндірісін, оның ішінде ірі шетелдік өндірушілердің қатысуымен қосымша ашу жоспарлануда. Министрлік сайлауалды бағдарламаның бастамаларын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдайды», - деп қорытындылады А.Ғиният.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста