Көктемде неге жиі маза кетеді?

Көктемде неге жиі маза кетеді?

Көктемнің алғашқы айы да басталып кетті. Енді күн жылынып, жер-дүние жасыл желекке малына бастайды. Бірақ көктемде көп адамдардың ескі дерті қозып, тіпті дені-басы сау жандардың да мазасы кететін кездері болады. Бұл неліктен?

Бір қызығы, ғалымдар осы құбылыстың дәл неден болатынын әлі күнге дейін нақты айта алмай келеді екен. Ең бір қалыптасқан тұжырым – бұл кезде табиғат құбылыстарына орай  адамның ішкі «биологиялық сағатында» өзгерістер туындайды, осыдан иммунитет төмендейді, ескі аурулар қозады, көңіл-күй себепсізден-себепсіз жиі бұзылады, адамның эмоциясы тұрақсызданады, ол стреске шалдығады. Қыстың көктемге алмасуы кезіндегі ауа райының жиі құбылуы, жауын-шашын, бұлтты күндер стресті күшейте түседі. Оның үстіне, қазіргі адамдар үнемі жұмыс істеуге мәжбүр, ертеңгі күнін жиі уайымдайды. Ерте көктемде көп адамдардың белсенділігі төмендеп, ұйқы басып жүретіні осы маусымның ауысуынан.

Сондықтан бұл кезеңге ағзаны барынша нығайтып жетуге тырысу керек. Дұрыс тамақтанып, уақытылы тынығу қажет. Өкпе-реніш, ұрыс-керістен аулақ жүрген жөн. Ашу-ызаға берілмеу керек. Жақын адамдарға қамқор болған дұрыс. Дене жаттығуларымен, спортпен айналысыңыз, таза ауада серуендеңіз, поливитаминдер қабылдаңыз. Ал созылмалы дерті барлар оның өршуін күтпей, тиісті алдын-алу шараларын жасағаны жөн. Әсіресе асқазан-ішек жолдары, буын, омыртқа аурулары осы кезде қозатынын ұмытпаған абзал.

Р. ҚАЛТАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста