Кофенің зияны туралы білесіз бе?

Кофенің зияны туралы білесіз бе?

Ұйқыны шайдай ашып, бойға күш қуат беретін, серпілтететін сусын - кофені аса сүйіспеншілікпен ішетініміз анық. Тіпті бір-екі кесесін қанағат тұтпай жұмыс арасында 5-6 шынысын ұрттап алатынымыз да бар. Ғалымдар кофеге ынтық жандарға құмар сусынды көбірек тұтыну ағзаға орасан зор зиян екенін ескертіп отыр. Кофенің құрамындағы кофеин психобелсенді зат болып табылады.

Австралиялық ғалымдар құрамында кофеині көп сусындар мәселен кофе, шәй, алкогольсіз және энергетикалық сусындар елес туғызуға сеп болатынын дәлелдеп шықты. 92 ерікті қатысқан зерттеу нәтижесінде күніне 5 шыны кофе ішкен адам стресс жағдайына түсіп, елеске тап болады екен. Зерттеу кезінде еріктілер түрлі топтарға бөлінген. Стресстің ең төменгі жағдайында, өте көп және төмен кофе дозасымен. Кофеге тойып алғандарды айқай шуы көп музыка тыңдатқан. Музыканы беріле тыңдағандардың елеске бейім болатыны анықталған. Кофесіз тұра алмайтындардың көбісі елеске бейім келеді екен. Стресс пен кофеин ажырамас бөлік болып табылатындықтан психикалық ауруларды қоздыратын тағы анық. Үнемі стресс жағдайында жүретіндердің шизофренияға шалдығу қаупі де жоғары екені белгілі. Нервтік жүктемелері көп жұмыс істейтін жандарға кофені көбірек ішуден бас тарту ұсынылады.
Бүгінде әлемдік нарықта кофе бағасының қымбаттауы байқалады. Сондықтан да оның кофетектес етіп қолдан жасау белең алып барады. Мәселен, қуырылған ноқаттан да кофе жасау қиын емес көрінеді. Бұрын кофенің бір тоннасы 1 700 доллар тұратын болса бүгінде 2 904 долларға шыққан. Сондықтан да қолдан жсалған өтірік өнімнен абай болған жөн.
Қалай таңдауға болады?
Сүйікті сусынды сатып алмас бұрын алдымен ыдысына назар аударған жөн. Өйткені брендтік өнім өндіретін фирмалардың бәрі кофені шыны немесе металл сауытқа салады. Егер өнім пластик ыдысқа салынса онда өнімнің шикілігі бар деген сөз. Қаңылтыр ыдысқа салынса ол қатты болуы керек. Қолмен майыстыра алмайтындай қатты ыдысқа салынса демек дұрыс өнім деген сөз.
Қолдан жасалғанын қалай анықтауға болады?
Тез еритін ұнтақ кофеге қарағанда қиыршықталып қана ұсынылатын (молотый) кофенің өтірік әлде шын екенін дәлелдеу қиын шаруа емес. Бір кесе мұздай суға сеуіп, жарты сағатқа қалдыру қажет. Таза өнім болса қиыршықтар батпай, судың бетінде қалқып жүреді, ал, өтірік болса түбіне шөгіп, тұнып қалады.
«Өтірік» кофені құрманың сүйегін, сәбізді, қызылшаны, бұршақты, цикорийді, інжірді ұнтақтап, қуырып жасай береді. Ондай «кофе» қайнағанда суды қоңырқай сары түске бояйды. Денсаулыққа зиян келтірмейін десеңіз, оның тек түйіртпек, дән түріндегісін ғанасатып алған жөн. Бүгінде ұнтақтағыш құрылғылар жетіп артылады. Соған салып, үгітіп барып пайдаланған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста