Канадалық ғалымдар өлім қаупін арттыратын алкоголь мөлшерін атады

Канадалық ғалымдар өлім қаупін арттыратын алкоголь мөлшерін  атады

Ғалымдар алкогольдің адамға әсері туралы жүзден астам зерттеулерді талдап, бір стақан шарап денсаулыққа пайдалы деген мифті жоққа шығарды. Олар сондай-ақ өлім қаупін арттыратын алкоголь мөлшерін де атады.

Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін күніне қанша ішімдік ішуге болады? Бұл сұрақ алкогольді жақсы көретіндерді ғана емес, ғалымдарды да алаңдатады.

Канаданың Виктория университетінің ғалымдары үнемі ішетіндердің қауіп-қатерін зерттеген. Үлкен мета-анализде олар 1980 және 2021 жылдар аралығында жүргізілген, 4,8 миллион адам қатысқан алкогольдің өлімге әкелетін әсері туралы 107 зерттеудің деректерін жинады. Зерттеу JAMA Open Network-те жарияланған.

Ғалымдар алкогольді аз, орташа немесе өте көп ішетіндер арасында өлім қаупін салыстырды. Алкогольді аз тұтынатындар арасында мезгілсіз өлім қаупі айтарлықтай өспеген. Көрсеткіштер ішпейтіндердің көрсеткіштерімен бірдей болған.

"Аз алкоголь" термині нені білдіретінін түсіну маңызды. Зерттеушілер әйелдер үшін күніне бір стақан шарап, ерлер үшін күніне 45 грамнан аз алкоголь, бұл екі стакан шарап, немесе 2 саптыаяқ сыра норма екенін айтады.

Ғалымдар сонымен қатар аз мөлшердегі алкоголь денсаулыққа пайдалы деген мифті жоққа шығарды.

Күніне бір-екі стакан шараппен шектеле алмайтындар үшін жағымсыз жаңалық. Зерттеушілер белгілі бір мөлшерден артық алкогольді ішетін адамдар үшін мезгілсіз өлім қаупі шынымен де айтарлықтай жоғары екенін анықтады.

"Тәулігіне екі стаканнан артық шарап ішетін (45-64 грамм алкоголь) ерлердің өлім қаупі ішпейтіндерге қарағанда 15% жоғары. Әйелдер үшін тәулігіне 25 пен 44 грамға дейін алкогольді ішетін болса, қауіп 21%-ға артады. Ал жалпы ішімдік ішетіндердің  мезгілсіз өлу қаупі 61%-ға артады", - делінген зерттеуде.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста