Британ ғалымдары жасаған сынақ рактің денеге таралуын 75% азайтты

Британ ғалымдары жасаған сынақ рактің денеге таралуын 75% азайтты

Жануарларға жасалған сынақ нәтижесінде қатерлі ісіктің денеге тарау көрсеткіші төрттен үшке азайды. Бұл туралы BBC басылымы Nature журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл сырқаттан көз жұматындардың өліміне 90 пайыз жағдайда ісіктің ағзаға жайылуы себеп болады.

Жаңа зерттеулер тышқандардың иммундық жүйесіне енгізілген өзгерістер қатерлі ісік ауруының өкпеде тарауын бәсеңдеткен.

Британия Қатерлі ісік зерттеу институты ертеректе жасалған зерттеудің қорытындысымен бөлісіп, қатерлі ісіктің қалай тарайтыны мен оның емі туралы тың мәліметтер ұсынды.

Қатерлі ісіктің тарауы ғылымда «метастаза» деп аталады. Қарапайым тілмен айтсақ, метастаза дегеніміз тез таралып жатқан ісік пен ағза арасындағы күрес.

Кембридж Сангер институты ғалымдары ісіктің денеге тарауына не түрткі болатынына зерттеу жасаған.

Олар қатерлі ісіктің таралуына қарсы күреске қандай ДНҚ-лар қатысатынын білу үшін генетикалық түрлендірілген 810 тышқанды сынаққа алған.

Алдымен ғалымдар тышқандарға тері ісік ауруын егіп, содан соң ісік ауруының олардың өкпесіне таралуын бақылады.

Нәтижесінде, сынақ тышқандардың көпшілігінің иммундық жүйесі мықтылығын байқатып, Spns2 аталатын бір ген терідегі ісік ауруының өкпеге өту мүмкіндігін төрттен үшке дейін қысқартқан.

«Бұл өкпедегі иммундық жүйенің күштілігінен,» — дейді зерттеу тобының мүшесі Доктор Девид Адамс. — Кей ағзаларда иммундық жүйе қатерлі ісік ауруынан басым түседі».

Кей адамдарда дәрі-дәрмек ісік ауруын емдеуде әлсіздік танытып жатқанымен, кей ағзаларда қатерлі ісік ауруы өзінен өзі жоғалып кетіп жататын көрінеді.

Британия Қатерлі ісік ауруын зерттеу орталығы маманы Доктор Джастин Алфордтың айтуынша, жоғарыда аталған зерттеу алдағы уақытта қатерлі ісікті емдеу жолын көрсете алады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста