Жазда жағажайға асығамыз. Алайда күнге күюдің де өзндік мәдениеті қалыптасқан. Бетке әжім мен қара дақ түсірмей, фотодерматитке шалдықпай, күннің қатты өтіп кетуінен қорғанған дұрыс. «Қамшы» порталының мамандар тарапынан ұсінған кеңесіне ден қойыңыздар
Терінің күнге тотығуы тегіс әрі әдемі болуы үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Майлы терілердің күнге күюі әдемі көрінеді. Ал құрғақ терілерге күнге тотығу барысында әжім түсіп, терінің құрғауы одан сайын ұлғая түседі. Сондықтан, құрғақ беттерге биоревитализация, мезотерапия және косметикалық процедуралар жүргізілгені жөн. Айталық, дене терісіне жағажайға барғанға дейін пилинг жасаған дұрыс. Сонда тері күнге тегіс әрі қалыпты болып күйеді. Күнге тегіс әрі бір қалыпты болып күйеді. Күнге күйгенде келеңсіз әсерлердің орын алуы да мүмкін. Келеңсіздіктерден сақтану үшін мынандай жағдайларды ескерген жөн:
*Spf кремдер қолдану керек
*Күннің астында 20 минут қана уақыт өткізген жөн
*Қажет мөлшердегі сұйықтықты қабылдау
*Түске дейінгі және түстен кейінгі уақытта ғана күнге күйген дұрыс
Көпшілігіміз spf кремдерді күнге күйдірмейді деп ойлаймыз. Анығында ол күннің ультра-күлгін сәулелерінен қорғайды. Бұл сәулелерден қорғанбасақ, тері жасушалары өліп, тері қартаяды және бетке дақтар қаптайды.
Қорғаныс
Кез келген кремнің сыртындағы нөмір қорғаныс жүйесінің мөлшерінен хабар береді. SPF (Sun Protection Factor) кремнің сыртында 2 ден 50 дейінгі нөмір көрсетіледі. Санның көрсетіліміне байланысты қорғаныс жүйесі де арта түседі. Егер құты сыртында SPF 10 деген жазу болса 150 минут бойы қорғаныста бола аласыз деген сөз. Демек, крем сыртындағы көрсетілген санға 15 минутты көбейту арқылы spf-тің сәулелерден қорғай алу мүмкіндігін білуге болады. Алайда, ғалымдар қымбат кремдер де күннің ультракүлгін сәулелерінен жүз пайызға қорғай алмайды деп есептейді. Соның өзінде біз мүмкіндігіміз жеткенінше зиянды сәулелерден сақтануға және мейлінше қорғануға тиіспіз. Ол үшін теріңіздің ерекшеліктерін ескере отырып, өзіңіздің тері типіңізге қарай бетке және денеге арналған сапалы өнімнен таңдау жасауыңыз қажет.
*SPF 10-20 ең әлсіз қорғаушы болып есептеледі. Крем құрамы майлы болғандықтан бұл нөміріндегі SPF күнге күйіп үлгерген терілер мен қара торыларға сәйкес келеді .
*SPF 20 мен 30 күнге тез күйетін, күн сәулесінің тікелей түсуіне онша әсер бермейтін терілерге арналған.
*SPF 30 бен 40 арасындағы SPF аққұба әрі өте сезімтал терілерге арналған.
*SPF 40 пен 50 нөмірі көрсетілген SPF балалар мен күнге күюді мүлдем қажет етпейтін терілерге негізделген.
Қорғаныс қаншалықты бекем?
Күннен қорғанатын кремді қалай қолдану керектігін білген дұрыс. Егер өте ыстық елге бара қалсаңыз күн сәулесіне қарсы қорғанысты мықтап қолға алған жөн. Мұндай жағдайға 30 бен 50 аралығындағы SPF сәйкес келеді. Алайда, бұл кеңес тітіркенбейтін, аққұба, қалыпты терілерге арналған. Есіңізде болсын күнге тотығу мен сәуледен қорғаныс жүйесі бірден нәтиже бермейді. Сондықтан кремді ашық күнге шығардан жарты сағат бұрын жаққан дұрыс. Қорғанысыңыз мықты болған сайын күнге тотығудың түсі әдемі болады деп қателеспеңіз. Қорғаныс тек қана зиянды сәулелерге бағытталған. Крем жаққан жағдайда күнге бірден күйіп кетпейсіз, әрі тотыққан терінің әдемі қалпы ұзаққа сақталады.
Жағажайдағы шомылу
Күннен қорғануға арналған суға шыдамды кремдер арнайы жағажай үшін ойлап табылған. Алайда, бір рет қана жағып, күні бойы күн сәулесінен қорғаныстамын деп ойламаған жөн. Сол үшін кремді ауық-ауық жағып отырған абзал.
qamshy.kz