Ауылға барып жұмыс істеген дәрігерге 5 млн теңге көмек беріледі

Ауылға барып жұмыс істеген дәрігерге 5 млн теңге көмек беріледі

Қарағанды облысы Новоузенка ауылының тұрғындары енді заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктіде медициналық көмек алады. Жергілікті тұрғындар үшін бұл - көптен күткен оқиға, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Мен осы ауылда туып-өстім. 40 жылдан астам уақыт бойы қажетті жағдайы жоқ фельдшерлік-акушерлік пункте емделіп келеміз. Науқастар үшін ғана емес, қызметкерлер үшін де жағдай жасалмаған. Біздің медицина қызметкерлеріміз жақсы, олар бізге көмектесуге әрқашан дайын, бірақ олар осындай жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан көп жылдар бойы бізге жаңа ФАП салуды сұрадық. Міне, біздің өтінішімізге құлақ түріп, салып берді», – дейді ауыл тұрғыны Светлана Кистанова.

 

Жаңа ФАП-та заманауи физиокабинет, күндізгі стационар, әлеуметтік дәріхана болады. Қазірдің өзінде барлық қажетті инфрақұрылым қосылған.

 

Екі жыл ішінде Қарағанды облысында 92 ауылдық денсаулық сақтау нысаны салынады. 69 медицина қызметкері жұмысқа орналасады.

 

Оларды «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмылдырады.

 

Міндетті көтерме қаражаттан бөлек, жас мамандарға биыл алғаш рет қосымша қаржыландыру – 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсетілетін болады.

 

«Облыс әкімінің шешімі бойынша біз оларды лайықты көтерме қаражатпен қамтамасыз ете аламыз. Жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр, анестезиолог, реаниматолог сияқты сұранысқа ие мамандар үшін көтерме қаржы 5 млн теңге болады. Бейінді мамандар – кардиологтар, невропатологтар, хирургтарға – 3,5 млн теңге, орта медицина қызметкерлері мен фармацевтер үшін – 1,5 млн теңге», – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

 

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Теміртау және Балқаш медициналық мекемелерінің базасында көпсалалы орталық аудандық ауруханалар ашылады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста